CaspianLife, 6 ақпан. Оның сөзінше, елімізде тиімсіз және орынсыз шығындарды болдырмау туралы ережелер қажет.
«Қазір барлығымыз Америка Құрама Штаттарында не болып жатқанынан, жаңа әкімшіліктің қызметінен хабардармыз. Мемлекеттік шығындарды азайтуға бағытталған жаңа министрлік құрылды. Оны Илон Маск басқарады. Олар әрбір мемлекеттік органды тексеріп, тиімсіз және орынсыз шығындарды алып тастап жатыр. Осылайша біраз қаражатты үнемдемек. Әрине, бізге ешкімнен ештеңені көшірудің қажеті жоқ. Бірақ біз шығындарымызды тиімді жұмсау мәселесіне назар аударғанымыз жөн», — деді Сенат спикері.
Мәулен Әшімбаев бюджет саясатын жетілдірудің екі жолы бар екенін айтты (видео)