Caspian Life, 4 ақпан. Көлік министрі Марат Қарабаев тергеу жұмыстары жақын күндері аяқталатынын айтты.
Дегенмен вице-премьер Қанат Бозымбаев тергеу қорытындысы осы аптада жарияланады деп еді.
Бұған дейін, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлаған еді. Бортта 67 адам болған. 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалды.