CaspianLife, 13 қаңатар. Маңғыстау облысының прокуратурасы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметінде бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, ағынды суларды жер қойнауына жіберу және бұрғылау қалдықтарын тиісті шектеусіз жинақтау фактілері тіркелген.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 2024 жылғы 4 желтоқсанда сот қаулысымен компания Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 31 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. Соттың бұл шешімі заңды күшіне енді.
Сонымен қатар, мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға зиянды заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі анықталды. Осыған байланысты, 2024 жылғы 11 желтоқсанда компанияға қосымша әкімшілік жауапкершілік жүктеліп, 1,2 млрд теңге айыппұл салынды.