Атырау өңіріндегі дәрі-дәрмек тапшылығын жою мақсатында бірқатар шара атқарылуда. Бірер күн бұрын шаhарға 20 тоннадан астам емдік препараттар әкелінді.
Дәрілер облыс әкімдігі бөлінген қаражатқа Ресейден тікелей сатып алынған. Ал жеткізу қызметін Теңізшевройл компаниясы мойнына алды.
Айта кетейік, соңғы екі аптада өңірге 80 тоннадан астам медициналық препарат жеткізілген. Барлық дәрі-дәрмек облыс орталығы мен аудандарға және емханаларға таратылды. Жауаптыларға сенсек, ендігі мақсат – препараттардың мол қорын қалыптастыру.