CaspianLife, 21 қараша. Қазақстан азаматтарына Өзбекстанға баруды жеңілдету жоспарлануда. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев хабарлады.
Gazeta.uz-дің мәліметінше, Өзбекстан Қазақстан азаматтарының шекарадан өтуін жеңілдететіні туралы 20 қарашада мәлімдеген. Ол қыркүйек айынан бастап Қырғызстан азаматтары Өзбекстанға тек ID-карталарымен кіре алатынын атап өтті. Сол сияқты, Өзбекстан билігі Қазақстан мен Тәжікстанмен де осындай тәртіп енгізуді жоспарлап отыр.
Шавкат Мирзиёев Өзбекстанның достық елдер мен серіктестерді кеңейтуді және көршілес елдермен аймақтық ынтымақтастықты тереңдетуді көздейтінін айтты. Орталық Азиядағы басқа мемлекеттермен, оның ішінде Қазақстанмен өзара іс-қимыл Өзбекстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі болып қала береді.
(Сурет: Gazeta.uz Президенттің баспасөз қызметі)