CaspianLife, 20 қараша. «Қыс-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 21 қарашада сағат 11:00-де ДАБЫЛ СИРЕНАСЫ іске қосылады.
Хабарландыру жүйесін тексеру барысында электр дабылы мен дабылды сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімді қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналардың эфирін ұстап қалу жүзеге асырылады. Бұл іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Осыған байланысты, Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарынан «Баршаның назарына!» сиренасы кезінде қорқыныш сезімге берілмей, тыныштық сақтауларыңызды сұрайды.
(Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы)