CaspianLife, 6 қараша. Қадағалау органымен Атырау қаласында білім беру және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі тексерілді.
Атырау облысының прокуратурасының хабарлауынша, тексеру барысында санитарлық-эпидемиологиялық, өрт қауіпсіздігі және медициналық заңнаманы бұзу фактілері анықталған. Атап айтқанда:
— Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 63 040 900 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды – 14 жеке және 42 мемлекеттік мектепке, сондай-ақ 30 жеке және 20 мемлекеттік балабақшаға.
— Медицина және фармацевтика бақылау департаменті 4 287 360 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды тоғыз жеке және екі мемлекеттік мектепке, сондай-ақ 14 жеке және 8 мемлекеттік балабақшаға.
— Төтенше жағдайлар басқармасы 1 218 360 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды үш жеке және бір мемлекеттік мектепке, сондай-ақ 20 жеке және 20 мемлекеттік балабақшаға.
— Білім сапасын қамтамасыз ету департаменті 11 795 940 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды 12 жеке және 47 мемлекеттік мектепке, сондай-ақ 11 жеке және бір мемлекеттік балабақшаға.
— Еңбек инспекциясы екі жеке мектеп пен төрт жеке балабақшаға 1 772 160 теңге айыппұл салды.
Тексеру қорытындысы бойынша 260 прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, нәтижесінде 51 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды және мемлекет пайдасына 82 114 720 теңге өндірілді.
«Сонымен қатар, үш балабақша меңгерушісіне қатысты алдын ала тергеу басталды, олар мемлекеттен алаяқтық жолмен заңсыз 16,5 млн. теңге алған. Қазіргі уақытта аталған сома толық көлемде мемлекетке қайтарылды», — деп хабарлады прокуратура.
Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігі мен мемлекеттік бюджеттік қаражаттың заңды жұмсалуы прокуратураның тұрақты бақылауында екенін атап өтті.