Қорытынды кезеңге өткен қатысушылар өз жобаларын «Интеллектуалдық шахмат тақтасы», «Smart көпір жобасын жасау әдістемесі», «Қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар балаларға арналған көпфункционалды техникалық құрылғылар», «Физика сабағында STEM-әдісінің дидактикалық құралдары жүйесі», «Кәсіби білім беруде VR-технологияларын қолдану» сияқты маңызды тақырыптарда қорғады.
Қазылар алқасы конкурста ұсынылған үздік ғылыми жобаларды және техникалық жұмыстарды анықтады. Республикалық конкурстың нәтижесінде жүлделі орындарға ие болған студенттер:
— Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
— С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,
— Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті,
— Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті,
— У. Жанибеков атындағы Түркістан қалалық педагогикалық университеті.
(Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәліметтері бойынша)