CaspianLife, 23 қыркүйек. Бұл Манғыстау облысы жер ресурстарын басқару комитетінің департаментінің мамандары тарапынан анықталды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «… профилактикалық бақылау барысында бақылау және қадағалау объектісіне бару арқылы Ақтау қаласының әкімдігі үш жер учаскесін беру кезінде 646,1 млн. теңге кадастрлық құны бар учаскелер бойынша 48-баптың талаптарын сақтамағаны анықталды».
Департамент жер учаскесін мемлекеттік меншікке мәжбүрлеп тәркілеу туралы сот органдарына талап арыз берді. Манғыстау облысының арнайы ауданаралық экономикалық сотының шешімімен департаменттің талаптары толық қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.