CaspianLife, 17 қыркүйек. Қазір игерілмеген жерлерді қайтарып, қайта айналымға енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ә.Ермекқали мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
— Министрліктің жыл сайын бекітіп отырған жоспарына сәйкес, өңірде ауылшаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан 90 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланды. Бүгінде оның 25 мың гектарға жуығы қайтарылып, жоспар 23%-ға орындалды. Оның 20,5 мың гектары жайылым, 1,9 мың гектары егістік, ал 2,4 мың гектары басқа да алқапты жерлер. Жылдың аяғына дейін бекітілген жоспарды толықтай орындау көзделуде, — деді Ә.Ермекқали.
Айта кетейік, облыста 43,5 мың гектарды құрайтын 94 жер учаскесі конкурс арқылы жер пайдаланушыларға табысталған.