CaspianLife, 17 қыркүйек. Жемқорлық фактісі спорт мекемесіндегі бюджет қаражатын пайдалану заңдылығын тексеру барысында бақылаушы органның қызметкерлері тарапынан анықталды.
Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлағандай, 2018 жылдан 2023 жылға дейін ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі бюджет қаражатының 117 млн теңгесін заңсыз иемденген. Бұл факті бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізіп, нәтижесінде қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі (халаттық) және 189-бабының 4-бөлігімен (жымқыру) сотқа жолданды.
«Соттың үкімімен мекеме басшысы өз міндеттерін тиісті түрде орындамағаны үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты рақымшылық жасау туралы заңға сәйкес қылмыстық жазадан босатылды. Ал бас есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді», — делінген Маңғыстау облысының прокуратурасының хабарламасында.