CaspianLife, 13 қыркүйек. Астанада Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының құрылуына 10 жыл толуын атап өту құрметіне еліміздің ең үздік салық төлеушілеріне салтанатты түрде награда табыс етілді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нурлан Байбазаров «Теңізшевройл» ЖШС өкілдеріне «Үздік ірі салық төлеуші» атағын тапсырып, естелік сыйлықты табыс етті. Награданы қаржы бөлімінің басшысы Дуайт Крэбтри мен бас директор Айбек Крамбаев алды.