CaspianLife, 4 қыркүйек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Ауданның 80 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға акушер-гинеколог, травматолог, педиатр, кардиолог, стоматолог, невропатолог, эндокринолог пен инфекционист дәрігерлері тартылды. Олар 4 қыркүйекте Қаракөл, Тасшағыл, Қарабау, Жасқайрат, Жангелдин, Көздіғара, Мұқыр, Сағыз ауылдарының, 5 қыркүйекте Миялы ауылының тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, жасөспірімдерге арналған психологиялық семинар мен аудандық медицина орта буын мамандарына кәсіптік дайындау және дамыту мақсатында тренинг сабақтарын өткізеді.