CaspianLife, 4 қыркүйек. Бұл туралы бүгін Қазақстанның транспорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады (ақпарат ведомстваның ресми сайтында жарияланған).
«Атырау — Астрахань учаскесінде реконструкция жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Реконструкцияланатын учаскенің ұзындығы 212 км құрайды. Асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары 82% орындалды және белсенді түрде жалғасуда. Жол ашылғаннан кейін сапар уақыты 2,5 сағатқа дейін қысқарады. Учаскедегі қозғалыс қарқындылығы тәулігіне шамамен 5 мың автокөлікті құрайды. Жолдың барлық ұзындығы бойынша проезд ашық екендігін атап өту қажет», — делінген хабарламада.