CaspianLife, 28 тамыз. Мемлекет басшысының бастамасымен алғаш рет өңірлік кадрлық резервтерді қалыптастыру мақсатында өңірлерде талантты жастардан басқарушы кадрлар пулын жасау үшін іріктеу жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет агенттігінің (МҚА) баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың өңірлік кадр резервтеріне іріктеу 2024 жылдың ақпанынан тамызына дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) бірлесе өткізілді.
Хабарламада айтылғандай, өңірлік кадрлық резервтерді қалыптастыру әр өңірдің даму ерекшеліктері мен басымдықтарын ескере отырып, 7 бағыт бойынша жүргізілді (өндіріс және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру және экология).
Сала бойынша нақты бағыттар мен резервшілердің саны өңірлік кадрлық комиссиялармен анықталды. Құжаттарды қабылдау кезеңі 2024 жылдың 1-31 наурыз аралығында өтті. Жоба сайтына барлығы 11 505 адам тіркелді, олардың ішінен 5 354 кандидат қатысуға жіберілді.
Заңнаманы білу және жеке қасиеттерді бағалау тестілеуі өңірлердегі тестілеу орталықтарында оффлайн форматта жүргізілді. Заңнаманы білу тестілеуіне 5 354 адам жіберілді, ОЛК тестілеуіне 2 433 адам жіберілді.
«Құзыреттілікті бағалау» кезеңі Ассессмент-орталық әдісімен оффлайн форматта Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында Астана қаласында өткізілді.
Ассессмент-орталықтың белсенді бөлігі 13 мамырдан 29 мамырға дейін өтті. Осы кезеңге барлығы 1 031 кандидат жіберілді. Ассессмент-центрде қатысу 939 адамды (94%) құрады, 62 адам (6,2%) қатыспады. «Өңірлік кадрлық комиссияда құрылымдық сұхбат» кезеңіне 810 адам жіберілді.
Сұхбат өңірлік кадрлық комиссияның таңдаған сала бойынша жобаны презентациялау форматында өткізілді. 23-26 тамыз аралығында өңірлік кадрлық комиссиялардың қорытынды отырыстарында өңірлік кадрлық резервтерге енгізілетін кандидаттардың тізімдері анықталды. Барлығы 505 адам өңірлік резервке қабылданды.
Өңірлік кадрлық резервке қабылданған адамдардың тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: onir.pkrezerv.gov.kz.
Өңірлік кадрлық резервке қабылданған тұлғалар, келісілген орган немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу арқылы жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын конкурссыз атқара алады.
Атырау облысы бойынша өңірлік кадрлық резервке қабылданған тұлғалардың тізімі:
1 АБДИГАППАРОВ ДАНИЯР ЕСБОЛУЛЫ
2 АЙТПАЕВ АЗАМАТ ИВАНҰЛЫ
3 АЛИПКАЛИЕВА АКСАНА АЛИПКАЛИЕВНА
4 АМИРОВ СЕРИК ИБРАГИМОВИЧ
5 АРДАҚ АЙСӘУЛЕ АРДАҚҚЫЗЫ
6 БЕРТЛЕУОВ ТЕМІРЛАН НҰРЛАНҰЛЫ
7 ДӘРІБАЕВ АҚНИЕТ ДӘРІБАЙҰЛЫ
8 ЕЛЕУОВ ДУМАН ГИБРАТОВИЧ
9 ЕРҒАЛИЕВ ЕРЛАН ҚАЛЫМБЕКҰЛЫ
10 ЕСҚАЛИ РИНАТ НӘБИДОЛЛАҰЛЫ
11 ЖЕТКІНОВ ДИДАР ЖЕТКІНҰЛЫ
12 КАКИЕВ ЕРЛАН ЕЛЕУБАЙҰЛЫ
13 КИТЕНБАЕВА ДИНАРА МУРАТОВНА
14 МАХСУТОВ КАЙСАР ЕРКИНОВИЧ
15 МЕДЕНОВ САЯН
16 НУРМОЛДАЕВА НАЗЕРКЕ ӘБІЛДАҚЫЗЫ
17 НҰРЛЫБЕКОВ АЙБЕК РЫСБЕКҰЛЫ
18 САНСЫЗБАЕВ АЙБОЛАТ САЛАМАТҰЛЫ
19 САПИЕВ ЕРЖАН ЖОЛДАСҰЛЫ
20 САҚЫПОВА АҚМАРАЛ БЕРІКҚЫЗЫ
21 ТЕЛЕУБАЕВА МУЛЬДИР АМАНЖОЛОВНА
22 ХАМЗИН ЖАСКАЙРАТ ИДАЯТОВИЧ
23 ШАКИРОВ ЗАМАНБЕК ЗҰЛХАРНАЙҰЛЫ
24 ҒАБДОЛХАЕВ МИРАС ҒАБДОЛХАЙҰЛЫ
25 ҒҰДНАН САЙРАН ҒҰДНАНҰЛЫ