CaspianLife, 27 тамыз. Атырау облысының жер ресурстарын басқару департаментімен Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы маңайында жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, «А» ЖШС-мен топырақтың құнарлы қабатын заңсыз сыдырып алу және жою фактісі анықталды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 337-бабының 1-бөлігімен «А» ЖШС-не 3 млн. 692 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, жер заңдылығының бұзылуын жою туралы орындалуға міндетті нұсқама табысталды,-деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек, құқық белгілейтін құжаттарынсыз мемлекет жерін заңсыз басып алу фактілері бойынша «C» және «А» ЖШС -теріне ҚР ӘҚБтК-нің 136 бабына сәйкес әкімшілік істер қозғалып, жалпы сомасы 369 000 теңгеден асатын айыппұлдар өндірілді. Сонымен қатар Департаментпен бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар табысталды.