CaspianLife, 24 шілде — Атырау 27 жастағы жұмысшы бір ЖШС-нің гаражында шетелдік автокөлікті жөндеу кезінде қаза тапты.
Атырау облысының полиция департаменті ер адамның қаза тапқан фактісін растап, қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатқанын хабарлады. Болған оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Полиция тергеу құпиясын алға тартып қосымша мәліметтер беруден бас тартты.