CaspianLife, 11 шілде – 15 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиросаларға, сигариллаларға және қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) баспасөз қызметінің хабарлауынша, келесі ең төменгі бөлшек сауда бағалары қолданылатын болады:
— 20 (жиырма) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиросаларға, сигариллаларға және қыздырылатын темекі өнімдеріне:
— 2024 жылғы 15 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – 820 теңге;
— 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 870 теңге.