CaspianLife, 10 шілде – Қазір Атырауда жол-көлік оқиғасының алдын-алу мақсатында «Мотоцикл» жедел-профилиактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Биыл 5-наурызда басталған науқан 31-тамызға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында қос дөңгелекті көлік мінген 1000-ға жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.
Полицейлердің сөзінше мопед мінгендердің басым бөлігі қарапайым жол жүру ережесін білмейді. Олар көбіне жолаушы тасымалдағаны, арнайы қорғаныс құралын пайдаланбағандығы үшін жауапқа таратылады. Қазір Атыраудағы арнайы автотұрақта 50-ге жуық мопед тұр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұнда күніне кем дегенде 10-15-і жеткізіледі.
Атырау қалалық ПБ рота командирі Өсер Жәңгірхан:
«Электросамокат, мопед көлік құралдарын пайдалану туралы ережелер ҚР жол-көлік қозғалысы заңының 57-бабында нақты айқындалып көрсетілген. Аталған бабқа сәйкес, самокат, мопед құралдарын пайдалану кезінде мото шлемсіз басқаруға және бір қолында рульсіз басқаруға, сонымен қатар, ірі көлемді жүктерді тасымалдауға және жолаушылар тасымалдауға тиым салынады.Сонымен қатар, екі жолақты қиылысты кесіп өтіп, кері бұрылыс жасауға. Тәуліктің түнгі мезгілінде басқа жүргізушілерге көрінбейтін жарық шамдарынсыз көлік басқаруға тиым салынады».
Жыл басынан бері самокат және мопед жүргізушілерінің қатысуымен 110 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 50-ден астам адам дене жарақатын алып, 3 адам қаза тапты.