Атыраулықтар түрлі басқосулар мен қонақ шақыруын тоқтатар емес. Полицейлер жүргізген рейд барысында осындай 7 жағдай анықталды. Ал өткен аптаның өзінде карантин ережесі бұзылған 300-ден астам дерек тіркеліпті.
Саудасын күйттеген кәсіпкерлер де шектеуге бағынғылары келмейді. Тексеріс нәтижесінде супермаркет, кафе-мейрамхана, кілем дүкені және көлік жөндеу орталықтарының санитария талаптарын орындамай, есігін уақытынан кеш жапқандықтары белгілі болды.
– Эпидиеломогиялық тәртіпті сақтау мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен және полиция өкілдерінен құралған 20-ға жуық мобильдік топ 11-шілдеден бастап қала аумағында жұмысқа кірісті. Соңғы 3 күн ішінде облыс орталығында 80-нен астам карантин ережелерін бұзғандар анықталды, – дейді облыстық ПД ресми өкілі Гүлназира Мұхтаров.