Биыл жоспар бойынша Атырау қаласы мен ауылдық округтердегі 55,5 шақырым жол жөнделмек. Барлығы 68 жол кеңейтіліп, түрлі деңгейдегі жөндеу жұмысы жасалады деп мәлімдеді әкімдік өкілі Қуанышбек Қабдіғалиев.
Оның айтуынша, кей көшелерде жұмыс басталып кеткен. Мәселен, Нұрсаядағы Тұяқберді Шәмелов көшесі және Сарықамыс-2дегі Сатыбалдиев көшесінен Нұрсая-3 ықшам ауданына дейінгі жол құрылысы қолға алыныпты. Одан бөлек, Молдағалиев, Молдағұлова көшесіне орташа жөндеу жасалып жатыр.
Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде ауыр жүк көліктері әрлі-берлі жүріп, қала аумағындағы жолдар бүлінді. Әкімдік оны да қалпына келтіреміз деп отыр.
Жауаптылар асфальтпен бірге жарық бағандары мен аялдамаларды да орнатамыз дейді. Сондай-ақ, арықтар салу да жоспарда бар екенін айтты.