CaspianLife, 3 мамыр — Индер ауданында Жайық өзені деңгейінің жоғарылауы байқалады, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.
Су тасқынының алдын алу мақсатында шаруашылығы Жайық өзенінің жағасында орналасқан қожалықтардың иелеріне және жеке тұлғаларға қолдағы малды қауіпсіз жерге айдау туралы ескерту берілді.
-Ірі және ұсақ малдарды Атырау — Орал және Атырау-Индер тас жолының бойындағы биік жерлерге айдау ұсынылады. Малдарды көшіруге арналған орындарды Индер ауданының әкімдігі белгіледі, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Индер ауданы бойынша барлығы 1479 бас мал қауіпсіз жерге айдалды.