CaspianLife, 22 сәуір — Тасқыннан кейінгі қаладағы суды сору жұмыстарына еліміздің түрлі аймақтарынан қосымша күштер тартылуда:
— Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімі,
— Маңғыстау облысы ТЖД,
— Алматы облысы ТЖД,
— Атырау облысы ТЖД
«Қазіргі уақытта Құлсары қаласын судан тазарту жұмыстары жалғасуда, оған 7 тіркеме және 21 тасымалданатын мотопомпалар, 1 бірлік ПНС-200, 1 бірлік — СНП-500, 3 бірлік ПНС-110 және 1 бірлік АР-2, 51 вакуум, 3 вакуум «Суперсакер» тартылды. Қазіргі уақытта жіберілетін судың жалпы көлемі 887 219 м3 құрайды, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.