CaspianLife, 4 сәуір — Ойыл деңгейіне келген су өз арнасымен ағып Жарыпшыққан арнасына кеше түнде жетті. Қазіргі таңда су деңгейі 1,40 метр.
“Сақтансақ сақтармын” деген ұстанымды ұстаған басшылар дайындық жұмыстарын былтыр жазда бастаған. Ұзындығы 2,5 м бөгет соққан. Аудандық штабтың тапсырмаларымен су деңгейі көтерілмей тұрып техникалар мен керекті құрал-жабдықтарды дайындап қойған.
Ерте қамға кіріскенненің арқасында қазір ауылда ахуал тұрақты. 30 құтқарушы, 150-ге тарта ерікті, 10 техника жұмыс атқаруда. Олар бүгінге дейін 10 мыңға жуық қапшық қаптаған.