CaspianLife, 4 наурыз — Отандық кәсіпкерлерді қолдайтын «Бірыңғай кешенді бағдарлама» алты бағыттан тұратынын бұған дейін жазғанбыз. Үшінші бағыты – «Шағын, орта және ірі бизнесті қолдау» деп аталады. Бұл бағытта несие алғысы келетін кәсіпкерлерге берілетін субсидияның негізгі шарттары:
❇️Мақсаты:
✅Инвестиция
✅Айналым қаражатын толықтыру
❇️ Субсидия мерзімі:
✅ өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар үшін – 5-7 жылға дейін (ЭҚЖЖ қарай), қалған салаларға – 3 жылға дейін
✅ айналым қаражатын толықтыруға – 3 жылға дейін
❇️ Кәсіпкер төлейтін сыйақы мөлшерлемесі:
✅ өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар үшін жылдық пайыз: алғашқы 3 жылда 8%, 4-ші жылдан бастап 9%; 5-ші жылы 10%
✅ қызмет көрсету саласындағы жобалар үшін жылына – 9%
❇️Кәсіпкердің міндеттемелері:
ҚОЛДАУ СҰРАП КЕЛГЕНДЕ – өтінім бергенге дейінгі соңғы 2 жылда салық аударымдары және/немесе еңбекке ақы төлеу қоры өскен, немесе кірістері оң динамика көрсетуі тиіс (тіркеу мерзімі 3 (үш) жылдан және одан жоғары кәсіпкерлер үшін);
несие сомасы 10 млрд теңгеден жоғары болған кезде IRR көрсеткіші (субсидия құралы бойынша) 12%-дан аспауы тиіс.
Субсидия мерзімі – өтелу мерзімінен аспайтын мерзімге белгіленеді
ҚОЛДАУ АЛҒАН СОҢ – инвестициялық жобалар мемлекеттен қолдау алғаннан кейін 2 жыл өткен соң салықты, жалақы қорын немесе жұмыс орындарын 10%-ға арттыруы тиіс; 3 млрд теңгеден асатын шағын бизнес 3 жылдан кейін орта бизнеске айналады.
Бәсекеге қабілетті әрі импорттың орнын басатын кәсіпорындарды қолдау мақсатында ҚР Үкіметі қабылдаған бұл бағдарламаның толық шарттарымен* сайтта мына сілтемеге өтіп танысуға болады.
Колл-орталық: 1408