CaspianLife, 21 желтоқсан — Электронды үкімет платформасында кейбір балалардың цифрлық құжаттары жоқ екендігі анықталды. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife Kazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 1 қаңтардан бастап, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында балаларға төлем төлеу күшіне енеді. Осыған байланысты көптеген отандасымыздың eGov платформасынан балаларының цифрлық құжаттарын тексеруі кезінде кейбір деректердің жаппай жоқ екендігі анықталды. Бұл қандай да бір қателіктен, не болмаса кемшіліктен, техникалық ақаудан емес. 2008 жылдан бастап туған балалардың құжаттары ғана цифрлық форматқа өткен болатын», – деді Талғат Уәли.
Министрлік өкілі балаларды eGov платформасына тіркеу жолдарын айтты. Оның айтуынша, балаңыздың деректері eGov-та жоқ болса, платформада «баланы қосу» деген батырманы басып, баланың ЖСН нөмірін енгізу арқылы тіркелей аласыз. Тіркеу кезінде ақпараттар шықпай жатса, онда «түзету» батырмасына өтіп, өз құжатыңызды, балаларыңыздың туу туралы куәлігін енгізу қажет.
Еске салайық, 16 желтоқсан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға қаражат аударуды қарастыратын заңға қол қойды.