CaspianLife, 20 желтоқсан — NCOC су тазартатын жаңа құрылғының құрылысын аяқтады, деп хабарлайды энерджи монитор телеграм каналы.
Бұл жоба Астарахань-Маңғышлақ су құбырынан алынатын тұщы су көлемін азайтуға және Болашақ кешенінен келетін сұйықтықты қосымша тазарту арқылы булану тоғандарына жіберілетін су сапасын жақсартуға бағытталған. 2020 жылы басталған құрылыс жұмысы аясында Болашақ кешені аумағындағы пласт суын тазартатын бұрынғы қондырғыдан бөлек жаңасы салына бастады. Қондырғылар сағатына 110 текше метр, ал тәулігіне 2640 текше метр су тазалайды. Бұл өндіріс үшін қажетті көлем саналады. Іске қосылған соң сарқынды судың құрамы мұнай, күкіртті сутегі, темірден тазарып, экология үшін айтарлықтай тиімді болмақ.