CaspianLife, 9 қазан — Қала күніне орай Алмалы ауылында Атырау қаласы әкімдігі және Атырау облыстық «Ұлттық спорт түрлері» Федерациясының ұйымдастыруымен бәйге өтті.
Жарысты тамашалауға бәйге сүйер қауыммен қатар облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, қала әкімі Шәкір Кейкин және облыстық ат спорты федерациясының төрағасы Өнербек Жанбала қатысты.
Атырау қаласы, құрманғазылық, қызылқоғалық және жылыойлық шабандоздардан бөлек, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағандыдан келген жүйріктер бәйге алаңында бақ сынады. Адуынды сәйгүліктер 6 шақырымдық «тай» жарысы, 18 шақырымдық «топ», «құнан» бәйге және 24 шақырымдық «аламан» бәйге бойынша сынға түсті.
Жарыс нәтижесі бойынша:
Тай жарысы. 6 шақырым.
1-орын. Нұрлыбек Балымбетов. Ақтөбе;
2-орын. Дүйсекен Расул. Құрманғазы ауданы;
3-орын. Биғазиев Құбайдолла. Тайпақ ауылы.
Топ бәйге. 18 шақырым.
1-орын. Құлагер шаруа қожалығы. Атырау;
2-орын. Мұрат Ернияз. Қарағанды;
3-орын. Балжігітов Сейітжан. Жылыой ауданы.
Құнан бәйге. 18 шақырым.
1-орын. Алтынбек Рахим. Маңғыстау облысы;
2-орын. Қайырсапа Шерхан. Орал қаласы;
3-орын. Кушелеков Тимур. Сағыз селосы.
Аламан бәйге. 24 шақырым.
1-орын. Машанов Мұрат. Құлсары;
2-орын. Алпысов Келес. Атырау;
3-орын. Ибашев Ермек. Ақтөбе обл., Қобда.