Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады . Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ хабарлайды.
«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистердің жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Осыған байланысты, осы жылдың 8 қарашасында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», — делінген хабарламада.