CaspianLife, 1 қараша — 1 қараша Атырау облысының жедел штабы терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізеді. Оқу-жаттығудың мақсаты мемлекеттік және құқық қорғау органдарының терроризм актілерінің жолын кесу, олардың зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі қызметке дайындығын тексеру. Көрсетілген уақыт кезеңінде Атырау қаласының жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілмек.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтау сұралады.