Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында 22,4 мың шетелдік турист арасында сауалнама жүргізді. Нәтижесінде Қазақстанға 16,9 мың адам жеке мақсатпен келгені, ал қалған 5,4 мың адам іссапармен келгені анықталды.
Олардың ең көп Астана, Алматы қалалары мен Маңғыстау облысында болды. Туристердің 31%-ы курорттық аймақтарға барды, оның ішінде туристердің 57,7%-ы Алматы тау кластерін таңдаған, ал тағы 14,7%-ы Маңғыстауды таңдаған Көбінесе келушілер саяхаттау үшін теміржол көлігін (31,5%), әуе көлігін (30,4%) және халықаралық автобусты (22,8%) пайдаланған.
Туыстары немесе достарының үйіне тегін қону (52,3%), қонақүйде (24,9%), жалдамалы пәтер немесе үйде (18,4%) және басқа орналасу орындарында (4,4%). Шетелдіктер Қазақстанға орта есеппен 4 күнге келеді. Келушілердің жалпы шығыны — 3,6 млрд теңге. Сапардың мақсаты келесідей бөлінді: жеке мақсаттарға – 2,4 млрд теңге, іскерлік және кәсіби мақсаттарға – 1,1 млрд теңге. Келушілер шығындарының негізгі бөлігі халықаралық тасымалдауға және Қазақстан ішінде – 53,8% және азық-түлікке – 15,3% шығыны кетеді. Шығындардың аз бөлігі орналастыру орындарында тұруға – 13%, тауарларды сатып алуға – 13,7% тиесілі. Сауалнамаға 66 елден турист қатысты, көбі Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген.