CaspianLife, 3 қазан — Көлікке жалған техникалық байқау құжатын жасатқандар үшін айыппұл жарты миллион теңгеге дейін көтерілмек. Ал жалған құжатты жасап берген техникалық байқау операторларына салынатын айыппұл төрт есеге өседі, деп хабарлайды CaspianLife.
Бұл туралы ҚР көлік министрлігі мәлімдеді.
Министрлік өкілі Талғат Ластаевтың сөзінше, жалған құжат жасағаны үшін тексеру операторларына салынатын айыппұл 10-нан 150 АЕК-ке (34 500 теңгеден 517 500 теңгеге) дейін артады. Ал автокөлік иелеріне салынатын айыппұл 5 және 150 АЕК (17 250 және 517 000 теңге) болады.
Айта кетейік, Қазақстанда 2023 жылдың басынан бері 350 тексеру операторының қызметі тоқтатылып, 131-іне айыппұл салынған.