CaspianLife, 22 қыркүйек — Ақтау қаласының жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына кәмелетке толмаған үш баланың жағалаудағы қоршауларды бұзып жатқаны түсіп қалған, деп хабарлайды CaspianLife Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
11, 7, 6 жастағы балалар ойнап жүріп, жағалаудағы қоршауларды бұзып кеткен. Ақтау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандарды ұстап, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне алып кетті.
Балалардың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша (10 АЕК – 34500 теңге) әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ ата-аналармен және балалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ата-аналар жағалаудағы қираған балюстраларды өздері қалпына келтіруге дайын екендіктерін білдірді.