CaspianLife, 14 қыркүйек — «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіштер туралы есеп берді, деп хабарлайды CaspianLife.
Компанияның кірісі 3 943 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 15,1%-ға төмен. Кіріс динамикасына Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 26,2%-ға төмендеуі теріс әсер еткен.
EBITDA көрсеткіші 1 116 млрд теңге және 1 393 млрд теңгемен салыстырғанда 19,9%-ға төмендеген. «Мұнай және газды барлау және өндіру» сегментінде Brent маркалы мұнайдың орташа бағасының төмендеуіне байланысты көрсеткіш 25%-ға төмендеді.
Компанияның таза табысы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 36,6%-ға азайып, 492 млрд теңгені құраған.
Бірінші жартыжылдықта ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 11 860 мың тонна мұнайды (тәулігіне 494 мың баррель) құрап, 10,1%-ға өсті. Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі 16,5%-ға өсіп, 4 789 млн текше метр болды, делінген компанияның KASE-де жарияланған есебінде.