CaspianLife, 6 қыркүйек — Атырау облысының полиция департаменті бір топ жігіттің төбелескен видеосы жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды CaspianLife.
Әлеуметтік желілерде Құлсары қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің жанында бір топ жігіттің төбелескені туралы видео тараған еді.
Атырау облысы ПД хабарлауынша, оқиға 5 қыркүйек күні кешкі сағат 20:20-да болған. Жергілікті полицейлер тәртіп бұзған 23 адамды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Оның ішінде 8 жасөспірім бар. Қазір тергеу жұмыстары жүруде. Төбелестен дене жарақатын алғандар жоқ