CaspianLife, 5 қыркүйек — Ұлттық статистика бюросы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығына сілтеме жасай отырып, өңірлер және жалпы Қазақстан бойынша 2023 жылдың 7 айындағы жекелеген жұқпалы аурулардың таралуы туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды CaspianLife.
Атырау облысы тұрғындарының эпидемиялық паротит, COVID-19, тұмау, респираторлық туберкулез, педикулез, қызылша және жоғарғы тыныс жолдарының жедел инфекциялары секілді жұқпалы ауруларға шалдығу деңгейі республикалық деңгейден жоғары.
Облыстағы туберкулез жағдайы республика бойынша ең нашар – 100 000 тұрғынға шаққанда 46,72 жағдай, республикалық деңгейде 32,21/100 000.
Сондай-ақ, Атырау облысы қызылша ауруы бойынша алғашқы 3 өңірдің қатарында. Астанада аурушаңдық көрсеткіші 137,57 жағдай/100 000, Жамбыл облысында – 57,01 жағдай/100 000. Ал Атырауда 100 000 адамға шаққанда 54,88 жағдай тіркелген.