CaspianLife, 4 қыркүйек — Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі және психотроптық заттарды жасырып кетушілерді 10 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды CaspianLife.
Ақтауда 34 жастағы суши-маркет желісінің басшысы мен оған заңсыз істе көмектескен 32 жастағы күдікті психотроптық заттардың партияларын жасырып, есірткіні буып-түюмен айналысқан. Күдіктілер тапсырмалар мен координаттарды Telegram қосымшасы арқылы алып отырған.
Күдіктілердің тұрғылықты жері мен компания кеңесіне тінту жүргізіліп, 692 грамм «мефедрон» синтетикалық препараты тәркіленді.