CaspianLife, 25 тамыз — Маңғыстау облысының жас спортшылары Астана қаласында өткен джиу-джитсудан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды деп хабарлайды, CaspianLife mangystaumedia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Елордамызда алғаш өткізілген әлем кубогы бәсекесінде Маңғыстау ауданы Ш.Бөлтекұлы атындағы балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 спортшысы жүлделі қайтты. Біріншілікте 13 жастағы Мереке Қасымұлы 60 келі салмақта Тайландтық қарсыласын басып озып, алтын жүлдеге ие болды. Ал, 46 келіде Рамазан Есболат Ресейлік спортшыны жеңіп шығып, тағы бір алтынды қанжығаға байлады.
Сонымен қатар, 14 жастағы Әдебиет Ерсұлтанов 50 келіде Аустрия спортшысымен белдесіп, үшінші орын алды. 44 келіде Құралай Саматқызы және 46 келіде Жарқын Ғабидоллаұлы қола жүлдені иеленді.
Айта кетейік, ел астанасында өткен әлем чемпионатында 42 елдің үздік спортшылары Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында бақ сынады.