CaspianLife, 31 шілде — Атырау халықаралық әуежайында санитарлық қауіпсіздік мақсатындағы іс-шаралар қолға алына бастады, деп хабарлайды Caspian Life.
Оған Египетте бірнеше адамның денге безгегін жұқтыруы себеп болды. Әсіресе шетелден келетін авиарейс жолаушыларына қатты мән берілуде.
Денге безгегі гемаоррагиялық өткір вирустар қатарына жатады. Негізінен климаты қолайлы аймақтарда жиі кездеседі. Оны жұқтырған адамның буыны ауырып, қалтырай бастайды және денесінде бөртпелер пайда болып, лимфа бездері шошынады. Әдетте ауру жеңіл түрде өтеді немесе мүлде білінбейді. Адам екі апта ішінде айығып кетеді. Тек кей жағдайларда асқынып, жұқтырған жанның қайтыс болуы мүмкін
Сондықтан мамандар шетелге шықпас бұрын баратын елдегі эпидемиологиялық жағдайдан хабардар болған, қажет болса тіпті екпе салдырған дұрыс дейді. Егер өзіңізден Денгенің симптомдарын байқасаңыз, уақыт оздырмай бірден дәрігерге қаралған жөн. Қазақстандық авиакомпаниялардың қызметкерлері мен жергілікті санитарлық қызмет те мұндай жағдайда не істеу керектегін жақсы біледі.