CaspianLife, 10 шілде — Атырау қаласының жаңа әкімі тағайындалды. Енді бұл қызметті бұрынғы ҚР Сауда және интеграция министрлігіндегі Сауда департаментінің басшысы Шәкір Кейкін атқарады, деп хабарлайды CaspianLife.
53 жастағы жаңа әкім Жылыой ауданында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Құлсары қаласында «Теңізмұнайкомплект» ЖШС-інде коммерциялық бөлімнің брокері қызметінен бастаған. 2008 жылы мемлекеттік қызметке араласа бастады. Атап айтсақ, сол жылы Жылыой ауданындағы Қосшағыл ауылының әкімі, Құлсары қаласы әкімінің орынбасары және 2009 жылы Құлсары қаласының әкімі болып жұмыс істеді. 2018-2019 жылдар аралығында Атырау қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобильдары жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы, кейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары болған. 2019 жылы Мақат ауданының әкімі қызметін атқарды. Кейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда департаментінің басшысы қызметінде болды.
Фото: Inform.kz