CaspianLife, 4 шілде — ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың жеке есепшотына аудару туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Caspian Life.
ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің дерегінші, қаражат 2024 жылдан бастап төленеді. Елімізде 6 жарым миллион бала ҚР ұлттық қорының инвестициялық табысының бір бөлігін алуға құқылы. Егер бала 2023 жылы дүниеге келсе кәмелетке толғанша есепшотында 3,5 мың АҚШ доллары көлемінде қаражаты болады.
Мемлекет басшсының бұл жарлығы жарияланған күні күшіне енді. Естеріңізге салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1-ші кыркүйегі күні халыққа жолдау жасаған кезде ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың жеке есепшотына аудару туралы ұсыныс айтқан еді.