CaspianLife, 3 шілде — «Теңізшевройл» компаниясы Атырауда жұмыссыздар арасында оқуға іріктеу жүргізеді, деп хабарлайды Caspian Life Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысы әкімдігі мен ТШО арасындағы келісімге сәйкес іріктеу 5 мамандық бойынша 3-7 шілде аралығында өтеді.
Компания бұған дейін 3 мыңнан астам азаматты халықаралық деңгейде оқытты. Бастапқыда оқу 11 мамандық бойынша болғанымен, бүгінде нарықтағы сұранысқа байланысты 5-еуі қалды.
«Олар құбыр монтаждаушы, БӨАжА монтаждаушы, электромонтаждаушы, құбыр дәнекерлеуші және металл конструкцияларын дәнекерлеуші. Соңғы көрсетілген екі мамандықтың оқу ұзақтығы 4 ай, қалғандары 3 ай оқытылады, — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов.
Басқарма басшысының айтуынша, жауапты мамандар аудандарды аралап жұмыссыз азаматтарды оқуға іріктейді
Іріктеу кестесі:
- 03.07.2023 жылы сағат 10:00 -Исатай ауданы, «Жалын» мәдениет үйі;
- 03.07.2023 жылы сағат 15:00 — Құрманғазы ауданы, Құрманғазы аудандық аграрлы-техникалық колледжі;
- 04.07.2023 жылы сағат 10:00 — Индер ауданы, Индер аудандық көн бейінді ауылшаруашылығы колледжі;
- 04.07.2023 жылы сағат 15:00 — Махамбет ауданы, «Өнерпаз» мәдениет үйі;
- 05.07.2023 жылы сағат 10:00 — Мақат ауданы, Мақат кенті әкім аппаратының ғимараты. (Қызылқоға ауданының тұрғындары қатысады);
- 05.07.2023 жылы сағат 10:00 — Жылыой ауданы, Темірхан Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі;
- 07.07.2023 жылы сағат 10:00 — Атырау қаласы, «АПЕК Петротехникал жоғары колледж» ғимараттары
Айта кетейік, оқуға қабылданғандар жатақханамен және үш мезгіл тамақпен қамтылады.