CaspianLife, 12 маусым — «Самұрық-Қазына» АҚ өрттен зардап шеккендерге 200 млн теңге бөлді, деп хабарлайды Caspian Life.
Қор басшысы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, бөлінген ақша эвакуацияланған елді мекен тұрғындарына, сондай-ақ өртті сөндіруге тартылған мамандарға гуманитарлық көмек ретінде беріледі. Сондай-ақ, Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қайырымдылық қоры арқылы аударылады.
«Бүкіл Қазақстан орман өрті өршіп тұрған Абай облысындағы отандастарымыз үшін алаңдаулы. Мемлекет басшысы азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Біз ұлттық әл-ауқат қоры ретінде тасада қала алмаймыз», — деп жазды Нұрлан Жақыпов Twitter-дегі парақшасында.