CaspianLife, 1 маусым – Желіде «балық аулау тәрітібін бұзуы мүмкін» деген адамдар түсірілген видео тарады, -деп хабарлайды сaspianlife.kz Бейнежазбаға түсініктеме берген азаматтың айтуынша бұл жайт 28 мамыр күні, сағат таңғы алты шамасында Жайық пен Каспий теңізін байланыстыратын каналдардың бірінде болған. Дауыс иесі қайықтағылардың браконьер екенін және олардың тыйым салынған жерден өтуге тырысқанын айтады. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясындағылар осындай деректің тіркелгендігін растап отыр. Айтуларынша, «балықты заңсыз аулайтындар осы каналды жиі пайдаланады» деген ақпарат түскен соң олар табиғат қорғау прокурорларымен бірлесіп, шлагбаум қойған. 25 мамырдан бастап 31 тамызға дейін Жайық өзені мен Каспий теңізінен кез-келген мақсатта балық аулауға тыйым салынды. Тек ғылыми мақсатта аулауға рұқсат етілген.