CaspianLife, 12 сәуір — 13 сәуірде облыстың батысы мен оңтүстігінде, 14-15 сәуірде өңірдің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Caspian Life.
Найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Бұл — атыраулық синоптиктердің осы аптаның соңғы күндеріне жасаған болжамы. 12-14 сәуір аралығында шаңды дауыл соғып, апта соңында желдің жымдағы кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.
«Ауа температурасы түнде 3-8 жылыдан 0+5 жылыға дейін төмендейді. Аптаның соңында облыстың солтүстігінде, солтүстік- шығысында 3 градус аяз болады деп күтілуде. Күндіз 15-20 градустан 18-23-ке дейін, аптаның соңына 10-15 жылыға дейін төмендейді», — дейді «Қазгидромет» РМК АОФ бөлім басшысы Айна Қазғұлова.
Жалпы 13-15 сәуір аралығында Қазақстан аумағында күн күрт суытады. Солтүстікте қар, ал онтүстікте бұршақ аралас жаңбыр жауады, — дейді синоптиктер. Және жел күшейіп, кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал. Күн райының бұзылуына суық антициклон және арктикалық ауа массасының еліміздің аумағы арқылы өтуі себеп, — дейді метеорологтар.