CaspianLife, 11 сәуір — Атырауда Мемлекеттік кірістер органдары акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымының жолын кесті, деп хабарлайды Caspian Life.
Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінің дерегінше, 2023 жылдың 1 тоқсанында іс-шаралар нәтижесінде жалпы сомасы 1 087 005 теңгеге 2223 бөтелке заңсыз алкоголь өнімдері анықталды. Сондай-ақ, мұнай өнімдерін заңсыз өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар анықталды, жалпы сомасы 4,8 млн теңгеге 28,3 тонна дизель отыны тәркіленді.
Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының шешімі негізінде 2223 бөтелке және 28,3 тонна ТД тәркіленді.
«Материалдар қарау үшін Атырау қаласының әкімшілік сотына жіберілді. Болашақта көлеңкелі экономиканың алдын алу мақсатында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу жөніндегі іс-шаралар жалғастырылатын болады», — делінген баспасөз хабарламасында.