CaspianLife, 6 сәуір —Батыс Қазақстан облысында ер адам жүк көлігін жөндеп жатып көз жұмды, — деп хабарлайды, — деп хабарлайды caspianlife.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
47 жастағы азамат жүк көлігін жөндеу кезінде ұлынан өзіне көмектесуді сұраған. Баласын рульге отырғызып, өзі оталып тұрған көліктің астына жатады да, ұлына тежегішті басу керектігін айтады. Бірақ бізге белгісіз себептермен көлік орнынан қозғалып, ер адамды басып кеткен. Ол аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Полицейлердің сөзінше, оқиға 4 сәуір күні кешкі бестің шамасында Ақсай қаласында болған. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.