CaspianLife, 31 наурыз — «ҚазТрансОйл» АҚ сәуір айында 100 мың тонна қазақстандық мұнайды Германияға жібермек. Нақтырақ айтқанда, компания қара алтынды «Дружба» мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жөнелтуді жоспарлап отыр деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Компанияның ресми ақпаратына сүйенсек, биыл ақпан-наурыз айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 40 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнай тасымалданған.
«2022-ші жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын. Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады» деп хабарлады «ҚазТрансОйл» .
Фото: ТАСС