CaspianLife, 27 наурыз — Атыраудағы білім инновация лицейлерінің саны көбейеді. Оның бірі қаладағы қыздар мектеп-лицейінің қасынан салынбақшы деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Мұндай ақпаратты облыстың бас ұстазы Гүлнара Сәдуақасова брифинг кезінде айтты. Оның сөзінше алдағы шілде айында Нұрсая және Сарықамыс ықшам аудандарында салынып жатқан Бином мектебінің құрылысы аяқталады. Брифинг кезінде үш ауысымды мектеп, білім орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, маман жетіспеушілігі секілді мәселелер қозғалды. Егер 2022 жылы облыстағы 25 мектепке модернизация жасалса, 2025 жылға дейін ауылдардағы 128 мектеп қосымша жабдықталмақ. Яғни пәндік кабинеттер жасақталады, кітапхана мен асханаға жөндеу жұмыстары жасалады. Жихаздар жаңартылады. Өйткені мектептердің материалдық-техникалық жағынан жабдықталуы – оқушылардың пәндерді түсініп, игеруіне ықпал ететіндігі белгілі. Гүлнара Сәдуақасова бес бірдей мектептің не себепті қашықтан оқуға көшірілгенін де айтты. Оның айтуына қарағанда барлығына бірнеше ай бойы күрделі жөндеу жұмысы жасалады. Балалар 1 қыркүйекте жаңа мектепке келу үшін құрылыс жұмыстарын ертерек бастауға тура келіпті.
Фото «Прикаспийская коммуна» газетінен