CaspianLife, 19 наурыз — Жылыой ауданында 24 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлау комиссияларының құрамында 208 адам бар. Аудандағы сайлаушылар саны 57 мыңға жуық, деп хабаралайды CaspianLife.
«Теңіз» кенішінде 18 мыңнан астам жергілікті және өзге өңірлердің азаматтары дауыс береді деп жоспарланып отыр. Оларға 15 жылжымалы пункт қызмет көрсетеді.
«Құлсары қаласының тұрғынымын. Сайлауға келіп тұрғаным. Әділ өтуін қалаймын. Бұндай сайлауда бурінші рет болып тұрмын. Әділ болады деп ойлаймын. 94 сайлау учаскесінде өз дауысымды беріп шығып жатырмын бұйырса» — деді Жылыой ауданының тұрғыны Әскер Саркитов.
Сайлауға қатысу үшін аудан бойынша 46 кандидат тіркеліпті. Оның 15-ін саяси партиялар, 31-і өзін-өзі ұсынған. Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарының Жылыой ауданындағы кезектен тыс сайлауының өтуі барысын Германия және Испания елдерінен халықаралық байқаушылар қадағалайды. Дауыс берушілерге қолайлы болу үшін қоғамдық көліктер бұл күні тұрғындарды тегін тасымалдайды.